Кәсіпорындарға салынатын экологиялық салықты азайтып, оның орнына жаңа технолгияларды енгізуге міндеттеме қойылуы қажет. Бүгін Тау кен өндірушілер және металлургиялық кәсіпорындар республикалық қауымдастығы өкілдері үкіметке осындай ұсыныспен шықты, деп хабарлайды Atameken Business.
Ұйым жетекшісі Николай Родастовец тіпті Экологиялық кодекске өзгерту енгізу керек деген ұстанымда. Өйткені компаниялар есебінен жергілікті бюджетке берілетін қаржының 2-3%-ы табиғатты жақсартуға жұмсалмайды. Николай Родастовец бір ірі кәсіпорынның әкімдіктерге жылына 5-тен 10 млн долларға дейін салық төлейтінін айтады. Ал оның нақты қайда кетіп жатқаны жөнінде ресми есеп жоқ.
"Кәсіпорандар экологиялық төлемдер есебінде берілетін салықтың бір бөлігі жергілікті бюджетке беруге міндеттелген. Бірақ біздің ұсынысымыз осы салықты кәсіпорандардың өзінде қалдыру болып отыр. Қаржыға олар экологиялық жаңа технологияларды енгізуі қажет. Бірақ бізде мұндай заң жоқ. Сондықтан экологиялық кодексті қабылдамастан бұрын осыны енгізу керек деп есептейміз", – дейді "Тау-кен кәсіпорындары республикалық қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры Николай Родастовец.