Кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған "Қазақмыс" тәжірибесіне жоғары баға берілді

267

"Қазақмыста" кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру жалғасып жатыр.

Кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған "Қазақмыс" тәжірибесіне жоғары баға берілді Фото: Shutterstock.com

Еліміздің бас кәсіби патологы Жезқазған қаласындағы жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешенде болып, компанияның қызметіне жоғары баға берді. 

Кешенді салуды жоспарлағанда тұрмысқа жайлы болуы басты назарда болған. Әрі, барлық стандарттарға сай жабдықталған.  Сондай-ақ заманауи денсаулық пунктінде дерттің алдын-алу, сауықтыру және оңалту шаралары жүргізіледі.  Медицина қызметкерлері де жоғары білікті мамандар екенін дәлелдеген.

Дертті дер кезінде анықтап, алдын-алу арқылы, белсенді де, ұзақ өмір сүру. Бұл мақсатта Қазақмыс компаниялар тобы ауыз толтырып айтарлықтай іс тындырған.  Мысалы, Жезқазғандағы жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешен мен денсаулық пунктінің заманауи жабдықтары қызметкерлердің денсаулығын үнемі бақылауда ұстап, сауықтыру мен оңалтуға мүмкіндік береді. 

"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорыны мен медициналық орталығына Денсаулық сақтау министрлігінің Бас кәсіби патологы Аманбекова Айгүл Үкенқызы мен Қарағанды облысының бас кәсіби патологы Ақыжанова Сәуле Ақыжанқызы келді. Бас маман  Денсаулық сақтау пунктіндегі заманауи жабдыққа және медицина қызметкерлерінің біліктілігіне жоғары баға берді. Осы құрылғылардың арқасында қызметкерлердің дерттері дер кезінде анықталып, сауықтыру мен оңалту шараларын жүргіземіз", - деді Жезқазған медициналық орталығы директорының өнеркәсіптік медицина жөніндегі орынбасары Людмила Угай.

Сонымен қатар, Kazakhmys Smelting компаниясында биыл "Еңбек медицинасы" пилоттық жобасы басталды. Оған қарапайым жұмыскерден бірінші басшыларға дейін қатысты. Ұжымда жүргізілген сауалнамада салауатты өмір салтын ұстауға қызығушылардың көптігі байқалды. Мамандардың Жезқазған мыс балқыту зауытына сапары барысында қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі, жеке қорғаныс құралдарын қолдану, алғашқы медициналық профилактика мәселелері талқыланды. Кәсіпорын басшылығы еңбеккерлерді сауықтыру мен салауатты өмір салтына тартудағы ауқымды жұмыс туралы таныстырды. Мамандар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарын ескеріп, шетелдік озық тәжірибелерге сараптама жасаған. Мұның бәрі пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатыр.

"Еліміздің Бас кәсіби патологы біз жасаған еңбек қауіпсіздігі мен кәсіби аурулардың алдын алу әдістемесіне жоғары баға берді. Бұл, әрине, өте маңызды. Біз бұл бағытта республика бойынша алдыңғы қатардамыз", - деді Людмила Угай.

Компания қызметкерлерді салауатты өмір салтына тарту және мамандығына сай пайда болатын ауруларының алдын алу мәселесін үнемі бақылауда ұстайды. Осы мақсатта жұмыс орындарын аттестаттау және автоматтандыру енгізіліп, заманауи шаң ұстайтын жабдықтар орнатылған.  Жүгіру және жаяу марафондар өткізіледі. Салмақ тастау челленджі де ұйымдастырылады. Сонымен қатар "Қазақмыс" қызметкерлері арасында тұз бен шылым шегуді шектеуге бағытталған бірқатар шаралар өткізбекші.   Денсаулық сақтау пункттерінде health-жаттықтырушысын қызметке алу жоспарда бар. Республикалық патолог мамандар Қазақмыс корпорациясының дерттің алдын-алу бойынша істеп жатқан жұмысын еліміз бойынша озық тәжірибе деп бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу