Кәсіптік мамандықты заңсыз оқығандардан 1 млн теңге өндірілді

663

Берілген куәліктердің күші жойылды.

Кәсіптік мамандықты заңсыз оқығандардан 1 млн теңге өндірілді

Успен ауданында тракторшы мамандығына заңсыз оқығандардан 1 млн теңге өндірілді. Осындай жағдайға жол берген мемлекеттік мекеменің 4 тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Успен ауданының прокуратурасымен Успен ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының "Еңбек" бағдарламасы бойынша жұмыс кадрларын қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бөлінген қаражатты жұмсауына талдау жүргізілді.

"Бұл мемлекеттік бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналғанына қарамастан, оған критерийлерге сәйкес келмейтін тұлғалар қатысқан. Мысалы, өзге ұйымдарда жалақы ала отырып, жұмыс істегеніне қарамастан, 15 тұлға 3 ай бойы тегін оқып, стипендия алған", – деп жазылған облыстық проркуратураның сайтында.

Сонымен қатар, "тракторист-машинист" мамандығы бойынша заңсыз білім алған 6 тұлғаның ішінде екеуінде қолданыстағы тракторист-машинист куәлігі болған, ал төртеуі бұрын мас күйінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған.

Нәтижесінде қадағалау актісімен мемлекеттік бағдарлама бойынша заңсыз оқыған тұлғалардан 1 млн теңгеден астам қаражат өндіріліп, берілген куәліктердің қолданылуы тоқтатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу