Кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға сұраныс артып отыр

196

Біліктілігі орташа және жоғары деңгейдегі жұмыс күшіне ұсыныс көлемі бірдей.  

Кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға сұраныс артып отыр Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр келесі бір сын-қатердің біріне экономиканың орта кәсіптік білімі бар кадрларға деген өсіп келе жатқан қажеттілігі екенін айтты.

"Бұл ретте, біз бизнес тарапынан сұраныс пен жұмыс күшіне ұсыныс арасындағы сәйкессіздік аңғардық. Кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға сұраныс жоғары білімі бар түлектерге деген қажеттіліктен 70% пайызға артық. Біліктілігі орташа және жоғары деңгейдегі жұмыс күшіне ұсыныс көлемі бірдей болып қалуда. Тағы бір сын-қатер – қазіргі және болашақ жұмыс күші сапасының қанағаттанарлықсыз болуы", - деді Светлана Жақыпова Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Ол негізгі мақсат тиімді, әділ және серпінді еңбек нарығын құру, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету екенін баса айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы мақсаттарға жету үшін негізгі бес бағытты айқындаған.

"Біріншісі – мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру еңбек ресурстарын жоспарлауды жақсартумен және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Екіншісі – сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайту экономикалық дамудың және халықтың табысын арттырудың маңызды өлшемшарты болып табылады. Үшіншісі – кадрлық әлеуетті күшейту экономиканы тез өзгеретін технологиялық орта жағдайында міндеттерді тиімді шешуге қабілетті білікті кадрлармен қамтамасыз етудің негізгі факторы. Төртіншіден, жұмыспен қамтуды заңдық тұрғыдан ресімдеу жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамту форматтары әртараптандырылған қазіргі заманғы еңбек нарығында формализация барлық қатысушылар үшін әділ жағдай жасауға көмектеседі. Бесінші – жұмыспен қамту экожүйесін дамыту", - деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу