Кәсіптің көсегесі көшеде көгермек

966

Кәсіптің көсегесі көшеде көгермек

Алматы қаласының 8 ірі көшесінде енді тек жаяу жүргіншілер жүретін болады. Аталған көшелер қала тұрғындарына ыңғайлы етіп жасалып, жаңа алаңдар бой көтереді.

Бүгін Панфилов көшесінде орналасқан жаңа Арбатпен, қызмет көлігін тастап, қала әкімі Бауыржан Байбекте жүріп өтті. Дат сәулетшісі Ян Гейлдың жобасы аясында қайта жөнделіп жатқан мегаполис көшелері кәсіпкерлерге де ыңғайлы болмақ. Өйткені мұнда түрлі асханалар, дүкендер, және шағын сауда орындары ашылады. Ал бұрыннан осы жерде кәсіптерін дөңгелетіп отырғандар ешқайда қуылмай әрмен қарай жұмыстарын жасамақ. Жауаптылар ескі нысандар жөнделіп, сауда орындарының сәулеті қайта қалыпқа келтірілді дейді.

Айта кеткен жөн, жаңа аумақта сауда-саттық қалай жүргізіледі және оның нақты "сұлбасы" сызылған жоқ дегенді атап өтті атқамінерлер. Сондықтан аталған мәселені кәсіпкерлік басқармасы әлі ашық күйінде қалдырып отыр.

Тимур Базарбаев, Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы: "Біз Панфилов көшесінде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал еттік десек болады. Өйткені бұл жермен азаматтар жаяу жүреді, серуендейді. Сәйкесінше түрлі дүкендер, аспазханалар көбейіп оларға кіретін адамдар легі де артты. Ал көлікпен жүрген кезде олар бұл орындарды байқамайтын еді. Алдағы уақытта осы жерде өздерінің бизнестерін бастаймыз дейтін азаматтар көп болар. Олармен біз жұмыс істеуге дайынбыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу