"Каска, арнайы киім кимейді": Министр құрылыс саласында кездесетін олқылықтар туралы

810

Құрылыс нысандарында қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс.  

"Каска, арнайы киім кимейді": Министр құрылыс саласында кездесетін олқылықтар туралы Фото: ЖИ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өндірістегі жарақатты жасыру жағдайларына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Құрылыс саласында кездесетін мәселелерге тоқталсақ, құрылысты басты салушы мердігер ұйымдарды тартады, олар өз кезегінде қауіпсіздікке байланысты ешқандай киім, касканы қолданбайды. Осындай мәселелерді жою үшін құрылыс саласының басшыларымен кездестік. Біздің бірінші вице-министр тиісті жиналысты өткізді. Жалпы жылдың аяғына дейін еңбекке тәуекелдік картасына бұл салаларды енгіземіз", – деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айтуынша, құрылыстағы әр мердігер ұйым қауіпсіздік талаптарын толық сақтауы тиіс. 

"Ол болмаған жағдайда айыппұл қарастырылған", – деп атап өтті Асқарбек Ертаев.

Айта кету керек, бұған дейін министр еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін маңызды мәселені атағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу