Қаскелеңде банкоматты тонап, 13 млн-ға жуық ақша алған күдіктілер ұсталды

545

А. есімді екі күдікті ұсталды.

Қаскелеңде банкоматты тонап, 13 млн-ға жуық ақша алған күдіктілер ұсталды Фото: inbusiness.kz

Алматы облысының полицейлері банкоматты тонаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz полицияға сілтеме жасап. 

14 тамыз сағат 13:42-де Қарасай ауданының полициясына 35 жастағы А. есімді азаматша хабарласқан.

Ол сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы белгісіз адамдар медициналық маскамен 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағанын жеткізді.

Іс ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.

А. есімді екі күдікті ұсталды.

Олар 1998 және 1999 жылы туған Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.

Азаматтар изоляторға қамаққа алынды.

Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдеме алынып, іс материалдарына қоса тіркелді.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу