"Қасқыр" белгісін көрсеткен: Түркия футбол құрамасының ойыншысына қатысты тергеу басталды

310

Германия сыртқы істер министрлігі Түркия елшісін шақыртты. 

"Қасқыр" белгісін көрсеткен: Түркия футбол құрамасының ойыншысына қатысты тергеу басталды Фото: әлеуметтік желіден

Германияның сыртқы істер министрлігі Еуро-2024 матчында гол соққаннан кейін "қасқыр басын" көрсеткен түрік футболшыға байланысты Түркия елшісін шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Берлиндегі елшісінің шақырылуына жауап ретінде Түркия сыртқы істер министрлігі Анкарадағы Германия елшісін шақыртты.

Сондай-ақ УЕФА 2 шілдеде Австрияға қарсы Еуропа чемпионатында гол соққан соң саусақтарымен қасқырдың басын жасаған Түркия құрамасының орталық қорғаушысы Мерих Демиралға қатысты тергеу бастады.

“Сұр қасқырлар” – Түркияның ұлтшыл қозғалыс партиясымен (MHP) байланысты әсіре ұлтшыл жастар қозғалысы. 1960 жылдары “сұр қасқырлар” Түркиядағы солшыл және ұлтшыл топтар арасындағы қақтығыстарға қатысқан. Бұл қақтығыстар 1980 жылғы мемлекеттік төңкеріс кезінде шамамен 5000 адамның өліміне себеп болған.

Франция мен Австрияда "қасқыр" символына тыйым салынған, Германияда бұл белгіге тыйым салынбағанымен, жастар қозғалысы үнемі бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу