Kaspersky интерполға қосылуға келісті

846

Kaspersky интерполға қосылуға келісті

Ал Kaspersky интерполмен бірлесіп жұмыс істеуге ақыры келісімін берді. Енді "тыңшылықпен айналысты" деп айыпталған компания Халықаралық қылмысқа қарсы күрес бюросына ІТ-жүйеге жасалатын шабуылдар туралы алдын ала ақпараттар беріп отыруы тиіс. Әйтпесе, жауапқа тартылуы мүмкін.

АҚШ тергеушілерінің қолында антивирус әзірлейтін компанияның астыртын әрекетін дәлелдейтін айғақтар түсіпті. Соған сәйкес, екеуара келісім түзілген. Бұған дейін Wall Street Journal-ы Ресей лабораториясының АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігіне тиесілі компьютерлерге кибершабуыл жасап, құпия құжаттарды жымқырғандығын жазған. Бірақ компания президенті Евгений Касперский оны қып-қызыл жала деп, мойындамай келген.

Интерпол кибершабуыл құрбаны болған елдер тізіміне Қазақстанды да кірзігіпті. Мәселен, былтыр Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің дерегі бойынша, хакерлердің 323 қазақ сайтын бұзғаны бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу