Kaspi аударымдарына салық салынбайды – Қаржы министрі

1784

Әлихан Смайылов халықтың қолма-қол ақшасыз аударымдарына қатысты пікір білдірді.

Kaspi аударымдарына салық салынбайды – Қаржы министрі

Соңғы уақытта Kaspi секілді жедел аударым жүйелері халық пен бизнес арасында үлкен қолданысқа ие болды. Оған себеп те жоқ емес. Аударым үшін комиссияның болмауы, пайдаланудың жеңілдігі мен қолайлылығы бұл қызмет түрінің танымалдылығын арттырды. 

Әрине, Қаржы министрлігі қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуі көлеңкелі экономиканың төмендеуіне ықпал ететінін түсінеді.

Осы тұрғыда айта кететін мәселе, Қаржы министрлігі мұндай аударымдардан қандай да бір қосымша төлемдер немесе салық алуды жоспарламайды, оның үстіне жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарына тексеру жүргізу тіптен көзделмейді, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру бойынша ыңғайлы және қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту үшін біз банктермен етене жұмыс жасауды көздейміз.

Ал кәсіпкерлік қызметке келетін болсақ, ол міндетті түрде ашық болуы керек. Атап айтқанда, кәсіпкерлер заңнамаға сәйкес фискалдық чектер беруге, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн кассалық бақылау машиналарын пайдалануға міндетті.

Сондықтан, Kaspi-ді кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлер бұл міндеттемелерден босатылмайды. Түбіртектің болуы тұтынушылар құқығын қорғау үшін маңызды.

Өз бизнесінде жедел аударымдар жүйесін қолданатын кәсіпкерлердің кірістерін әкімшілендіру мәселесін Қаржы министрлігі пысықтауда. Мысалы, онлайн кассалық бақылау машиналары мен автоматты түрде толтыру және салық есептілігін жөнелту функциясы бар POS-терминалдарды біріктіру арқылы кірісті әкімшілендіруге болады. Мұндай пилоттық жоба Kaspi банкпен бірге келесі жылы іске аспақ.

"Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент немесе оңайлатылған декларация секілді арнайы салық режимдерін қолданатын шағын бизнес 3 жылға салық төлеуден және тексерулерден босатылғанын атап өткім келеді".

Осы мәселелрдің бәрін назарға ала отырып, халықты алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырамын. Өйткені жеке тұлғалар үшін алаңдауға негіз жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу