Kaspi.kz басшысы үндеу жасады (видео)

10222

Михаил Ломтадзе клиенттерді қолдау бағдарламасына кімдер қатыса алатынын айтты.

Kaspi.kz басшысы үндеу жасады (видео)

Михаил Ломтадзенің айтуынша Kaspi ең алдымен бағдарламаға қатысуға жұмысынан айырылған немесе қаржылық қиындыққа тап болған клиенттер өтініш бере алады.

Kaspi клиенттерін қолдау бағдарламасына қашан өтінім беруге болады?

- 2 сәуірден бастап, Kaspi.kz ұялы қосымшасында. Барлығын үйден шықпастан, онлайн жасау үшін мобильді қосымшада жасаймыз.

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына қатысу үшін өтінімді қалай беруге болады?

- Біз Kaspi.kz мобильді қосымшасының ішінде ыңғайлы, қарапайым қызметті жасаудамыз. Ол дайын болған сәтте қосымша нұсқаулық таратамыз.

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына қатысу талаптары қандай?

- Kaspi.kz қолдау бағдарламасына жұмысынан айырылған және қаржылық қиындыққа тап болған клиенттер қатыса алады.

3 маңызды шарт:

1.      Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына өтінім берген сәтте кредиті бойынша төлем уақыты өтіп кеткен қарызы болмауы керек.

2.      Кредит 2020 жылдың 18 сәуіріне дейін рәсімделген болуы керек.

3.      Бағдарлама қатысушыларына қаржылық жағдайы нашарлап кетпес үшін қаржылық жағдайы жақсарғанша, жаңа кредит берілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу