Kaspi Bank KASE-ден кетеді

948

Kaspi.kz холдингі Kaspi Bank пен Kaspi Магазинді біріктірмек.

Kaspi Bank KASE-ден кетеді

"Kaspi Bank" АҚ Қазақстан қор биржасының ресми тізімінен акцияларын ерікті түрде делистингілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды abctv.kz KASE-ге сілтемемен.

Ал Kaspi.kz құрылымы биржада қалады.

Михайил Ломтадзе өткен қарашаның ортасында Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің ірі акционері болды. Ол құрылымның IPO-дан LSE халықаралық нарығына шығуды жоспарлап жатқанын мәлімдеген еді.

KASE-нің 1 қаңтардағы мәліметі бойынша, Kaspi.kz-тің 56,69% акциясы – Вячеслав Кимге, 27,25 пайызы – ASIA EQUITY PARTNERS LIMITED-ке, 7,88 пайызы Михаил Ломтадзеге тиесілі.

Ал Kaspi bank акцияларының 88,34 пайызы акционерлері Вячеслав Ким мен Caspian Group компаниясы болып табылатын "KASPI GROUP"АҚ иелігінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу