Kaspi bank-ке шабуыл: қылмыскер 3 сағатта 100 млн теңге аударуды талап еткен

1180

Қылмыс 18 маусымда болды.

Kaspi bank-ке шабуыл: қылмыскер 3 сағатта 100 млн теңге аударуды талап еткен

Астанадағы Каспи банктің бөлімшесіне келіп, қызметкерлерді кепілге алған Алихан Мурадовтың ісі бойынша жаңа деректер белгілі болды. Бүгінгі процесте күдікті оқиғаның бар қыр-сырын жайып салды. 3 сағатта 100 млн теңге тауып беруді талап еткен ол ақша не үшін керек болғанын да  мәлімдеді. Тіпті кепілге алу процесі қалай өрбігенін сотқа жиналғандарға өзі жүріп көрсетіп берді.

Биыл 18 маусымда болған қылмыс әлі көптің есінде. Іс бойынша айыпталушы Жамбыл облысының 30 жастағы тумасы Алихан Мурадов. Бүгін жәбірленуші мен куәгерлердің сөзі тыңдалды.

Оқиға бір сағаттан асқанда барып келіссөздер басталған. Мурадов журналистермен ғана сөйлесуге құлықты болыпты. Журналист ретінде банкке жедел қызметтің өкілі кірген. Қылмыскер 100 млн теңгенің чегі көрсетілсе, барлық кепілге алынғандарды жіберуге уәде берген көрінеді. Алайда келіссөзшінің қолында тек 10 миллион теңгенің чегі болған.

Мурадовтың басты талабы банктің активтерін мүгедек балаларға, аз қамтылған және мұқтаж қазақстандықтарға аудару болған. Ол өз талаптарын банк қызметкерлеріне жазуды бұйырып, солар арқылы құзырлылар жеткізіп отырған. Сотталушының тағы бір талабы-онкологиялық ауруы бар туысқанын Алматының үздік клиникасына орналастыру болыпты.

Әлихан Мурадовтың өзі сотта өз кінәсін мойындап, есірткі пайдаланбағанын мәлімдеді. Сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсауды жоспарламаған.

Сот отырысы түстен кейін жалғасып, іс бойынша бейне жазбалар бастан аяқ көрсетілді. Айыпталушы осыдан кейін ойын жинақтап алу үшін сот процесін келесі аптаға қалдыруды сұрады. Қазір оған "кепілге алу" бойынша айып тағылуда. Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу