Kaspi bank-тің қаңтар-қыркүйектегі активтері 5,4%-ға төмендеді

1336

Kaspi bank-тің қаңтар-қыркүйектегі активтері 5,4%-ға төмендеді

Қазақстандық  коммерциялық Kaspi bank-тің активтері үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде 5,4%-ға төмендеп, 1,216 трлн теңгені құрады (қазіргі бағаммен –337,66/$1). Бұл туралы ҚЕХС бойынша  жинақталған қаржылық есепте көрсетілген, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".

Банктің есептік кезеңдегі міндеттемелері 6,5%-ға, 1,077 трлн теңгеге дейін төмендеп, дербес капиталы 3,6%-ға, 139,214 млрд теңгеге дейін өсті. Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі таза кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9 есе төмендеп, 4,555 млрд теңгені құрады. Қаржы құралдарымен жасалған операциялардың таза кірісі 6,859 млрд теңге болды. Ол бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңде 66 млрд теңге болған еді.  Банктің операциялық кірістері 12,9%-ға, 99,292 млрд теңгеге дейін, таза пайыздық кіріс – 34,3%, 32,208 млрд теңгеге дейін төмендеп,  операциялық шығыстар 5,2%, 36,451 млрд теңгеге дейін артты.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша Kaspi bank активтерінің көлемі бойынша қазақстандық  35 банк арасында  7-орынды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу