Бүгін Kaspi.kz қосымшасындағы ақаулық салдарынан клиенттер шоттарындағы қаражатының жоқ болып кеткенін айтып шағымдануда. Карталар арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша алу және толтыру, төлемдер мен аударымдар жасау уақытша мүмкін емес.
Компания қазіргі кезде қосымшаны қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын айтып, халықты сабырға шақырды.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бұл кибершабуыл деп жалған хабарламалар таратып жатыр. Ешқандай кибер шабуылдардың болмағанын, клиенттердің ақшасы қауіпсіз екенін және сәтсіздік жойылғаннан кейін деректер қосымшада дұрыс көрсетілетінін хабарлаймыз", – деп мәлім етті Kaspi.kz.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу