Сегізінші Kaspi Жұма тағы да рекорд жаңартты. 1 миллионнан астам қазақстандық 2 миллионға жуық түрлі тауар сатып алды. Қазақстандық компаниялардың сатылым көлемі - рекордтық 302 миллиард теңге болды.
Сатып алушылар тиімді зат салып алғанына, сатушылар – сауда көлемінің өскеніне қуануда. Курьерлік компаниялардың да жұмысы көбейді.
Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі жазғы ыстыққа қарамастан, тағы да рекорд жасады. Бұрын бұл уақытта сауда тоқтап тұратын болса, қазір барлығын тегін жеткізу қызметімен бірге онлайн сатып алуға болады. Kaspi жаңа цифрлы сервистерінің көмегімен сатып алушыларды тағы да қуантты, ал бизнеске дамуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесуде.