Каспий банктің банкрот болғаны рас па

1436

 Бұл ақпаратқа қатысты ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев түсінік берді.

Каспий банктің банкрот болғаны рас па

Каспий банкке қатысты тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.  Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ватсап арқылы Каспий банкі банкротқа ұшырады деген жалған аудио жазба тарай бастады. Осыған орай ел тұрғындарын арандатушыққа ермеуге шақырамын. Бұл таратылған  ақпарат  шындыққа жанаспайды. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін ел заңнамасында қылмыстық жауапкершілік  қарастырылғанын ескертемін. Жалған ақпарат таратуға қатысы барлардың барлығы анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады", - деді Алмас Садубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу