"Каспий – достық теңізі" мотошерушілері Маңғыстауға келді

564

1 сәуірде Ресейдің  Астрахань қаласынан бастау алған мотокеруен Ақтау қаласына жетті. Олар 11 күн ішінде Каспий маңы елдерін аралап бес мың шақырымға жуық жолды артқа тастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Каспий – достық теңізі" мотошерушілері Маңғыстауға келді Фото: Талант Құсайын

 Мотошерудің басты мақсаты – Каспий маңы елдерінің достығын нығайту.

Астрахандықтар Қазақстанның Атырау мен Ақтау қалаларын басып өтіп, Түрікменстанның Түрікменбашы мен Ашхабад шаһарларына сапар шегеді. Бұдан кейін көш басын  Иранның Бабольсер мен Решт және Әзірбайжанның Астара мен Баку сияқты ірі қалаларына бұру көзделген.  Мотошеру мүшелері Дағыстан Республикасының аумағы арқылы Астраханға өтіп, сапарын аяқтайды. Ең ұзын жол  905 шақырымды құрайтын Атырау мен Ақтау арасы, ал ең қысқа жол 360 шақырымға созылған Астрахань мен Атырау арасы екендігін атап өткен жөн.

“Астрахань - Каспийдің Ресей еншісіндегі маңызды геостратегиялық аумағы және  елдің сыртқы саясатының басты бағыттаушысы. Біз барлық Каспий маңы елдерімен ынтымақтастықты белсенді дамытып жатырмыз. Экономикада да, гуманитарлық салада да көптеген бірлескен жобаларымыз бар. Біздің өңірден бастау алған  мотошеру "Каспий бестігінің" арасындағы бейбітшілікті, достық пен келісімді өркендете түсуіне қызмет ететініне сенімдімін”, - дейді Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу