"Каспий" ФК басшысы діни ағым өкілдерімен бірлесе ақша бопсалаған

172

Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

"Каспий" ФК басшысы діни ағым өкілдерімен бірлесе ақша бопсалаған Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров "Каспий" футбол клубының бұрынғы директорын тергеуге қатысты жаңа деректерді айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Каспий" футбол клубы" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры мен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар зорлық-зомбылықты қолдана отырып, аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен үш күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі уақытта бұрынғы директордың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін футбол клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу