"Каспий" ФК-дан пара алған депутатқа қатысты сот үкімі шықты

1110

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ахмет Салманов "Каспий" ФК-нан пара алғаны үшін айыбын айыппұлмен өтейтін болды.

"Каспий" ФК-дан пара алған депутатқа қатысты сот үкімі шықты

"Ахмет Салманов сот үкімі бойынша 7 млн 47 мың 400 теңге көлемінде айыппұл арқалады", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық соттың баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың қыркүйек айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ахмет Салмановты ұстағаны туралы ақпарат тараған еді.

Депутат 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың шілдесіне дейін "Каспий" футбол клубының директорынан футбол клубын күтіп-ұстауға өңірлік бюджеттен қаражат бөлуге жәрдемдескені және қамқорлығы үшін 766 мың теңге пара алғаны белгілі болды.

Ахмет Салманов ҚР ҚК 190-бабы алаяқтық дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу