Каспий итбалығының өлімі туралы толық ақпарат әлі күнге айтылмай жүр

510

Каспий теңізі жағалауында жыл басынан бері 150-ден астам итбалықтың өлексесі табылды.  

Каспий итбалығының өлімі туралы толық ақпарат әлі күнге айтылмай жүр Фото: Хабар 24

Өткен жылы оның саны 300-ден асқан. Каспий маңы елдерінің мамандары  теңіз жануарларының өліміне не себеп екенін зерттеу туралы бастама көтерді. "Eco Fund Tabigat" жеке қорларының төрағасы, құрылтайшысы және негізін қалаушы Тимур Елеусізовтің айтуынша, қызыл кітапқа енген жануардың өліміне бірнеше себеп атады. Соның ішінде: экожүйенің өзгеруі, браконьерлік және мұнай кәсібінің кесірі бар.

“Бұл мәселе Каспий теңізінің басты проблемаларының қатарында бұрыннан бар. Бұл мәселемен бірінші кезекте экология министрлігі мен индустрия министрлігі айналысуы тиіс. Итбалықтардың өлімінің себептері туралы деректер әртүрлі, өйткені толық зерттеу болған жоқ. Толық талдау үшін үш жылдан он жылға дейін егжей-тегжейлі зерттеулер қажет. Итбалықтың өлімінің нақты себептерін зерттеудің объективтілігі үшін ғалымдар жүргізген талдауға жұртшылықты белсенді түрде қосу қажет”,- деді Тимур Елеусізов.

Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі бағдарлама жоқ. Биологиялық әртүрлілік туралы Конвенция бойынша 1994 жылы қабылданған шешімдер қажетті нәтижеге қол жеткізбеген. 28 жыл ішінде флора мен фаунаны сақтау бойынша міндеттемелерді орындау және жүйелі түрде мемлекеттік бағдарлама құру мүмкін болмады.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу