Каспий итбалықтарының жаппай қырылуына мұнай компанияларының қызметі де әсер ететінін Қазақстанның мұнай-газ кеңесінде айтты.
"Бүгінгі таңда Каспийдегі экологиялық жағдай апатқа жақын болғандықтан, бізде итбалықтарының популяциясын жоғалту мүмкіндігі жоғары болып отыр. Бұл қазірдің өзінде анық байқалады. Мәселен, биыл орталыққа бірде-бір тірі итбалық түскен жоқ, табылған жануарлардың бәрі өлі болды", - деді Әсел Тасмағамбетова.
Оның айтуынша, ХХ ғасырдың басында Каспийде миллионнан астам итбалық тіршілік еткен болса, содан бергі 100 жыл ішінде олардың саны 90 пайызға дейін төмендеген көрінеді.