Каспий құбыр концорциумы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

10 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін КҚК Теңіз терминалында ТЛУ арқылы мұнай жеткізу жүргізіліп жатқан жоқ. 

Каспий құбыр концорциумы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді Фото: Kursiv.kz

Каспий құбыр концорциумы БАҚ-та жарияланған экологиялық жағдай туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"2023 жылғы 10-12 сәуірде Новороссийск БАҚ-ында қолайсыз экологиялық жағдай туралы хабарламалардың жариялауына байланысты, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі тұрғындардың көптеген шағымдарына сәйкес біз мынаны хабарлаймыз. 10 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін КҚК Теңіз терминалында ТЛУ арқылы мұнай жеткізу және  резервуар паркіне мұнай қабылдау жүргізіліп жатқан жоқ. Тиісінше, КҚК қондырғылары жағымсыз иістер мен органикалық қосылыстардың көзі бола алмайды", – деп хабарлады Каспий құбыр концорциумы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу