Каспий құбыр концорциумы мұнай өндірісін 30%-ға арттырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш. Компания тамыз айында 4,4 млн тонна мұнай экспорттаған. Ал былтырғы тамыз айындағы экспорт 2,5 млн тоннаны құраған болатын. Сондай-ақ, биыл жыл басынан бергі экспорт көлемі 36,2 млн тоннаға жеткен. Алдын ала болжам бойынша,компанияның жылдық таза табысы 792 млн долларға жетуі мүмкін. Оның ішіндегі Қазақстанның үлесі 138 млн тоннаны құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу