2023 жылғы 16 маусымда XXVI Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы (СПХЭФ-2023) шеңберінде Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев КҚК бас директоры Николай Горбаньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстанның Энергетика министрі 2023 жылы КҚК жұмысының нәтижелері және компанияның жақын арадағы өндірістік жоспарлары туралы хабардар болды. Жыл соңына дейін Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесінің өткізу қабілетін 82 миллион тоннаға дейін жеткізген қиын жерлерді жою бағдарламасы (ҚЖЖБ) толығымен аяқталады.
Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін КҚК 29,5 млн тоннаны тасымалдап, оларды 272 танкерге тиеді, ал болжамға сәйкес жыл бойынша жалпы көрсеткіш шамамен 60-61 млн тоннаны құрайды деп күтілуде. Өткен жылы КҚК экспортқа 58,7 млн тонна мұнай тиеп жөнелтті.
Алдағы үш-төрт жылдың келешегі туралы айта келе, КҚК басшысы Николай Горбань КҚК мұнай құбырының 400 шақырымға жуық желілік бөлігін ауыстыру бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті. Бұл халықаралық мұнай тасымалдау компаниясы объектілерінің сенімділігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Әңгімелесу барысында қазіргі уақытта КҚК әлемдік энергия қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатыны атап өтілді. Консорциум әлемдік нарықтарға Қазақстан мұнайының экспорттық көлемінің 80%-ға жуығын жеткізеді, ол үшін ең қауіпсіз, логистикалық тұрғыдан тексерілген және экономикалық тиімді бағыт болып табылады.