Қазақстан Каспий құбыр консорциумының Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы экспорттық терминалына мұнай айдауды уақытша тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстанның мұндай шешімге келуіне соңғы уақытта мұнай танкерлеріне жасалған бірнеше шабуыл себеп. Соның салдарынан мұнайды жеткізетін кеме компаниялары КҚК терминалына танкерлерін жіберуге қауіптеніп отыр.
Bloomberg дереккөздерінің мәліметінше, Ресейдің Новороссийск порты маңындағы КҚК терминалына мұнай жеткізу құбыр арқылы тоқтатылуы тиіс болған.
Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын негізгі экспорттық бағыттардың бірі саналады. Еліміздегі мұнайдың 80%-дан астамы КҚК арқылы тасымалданады. Шикізат Қашаған, Теңіз сияқты кен орнында өндіріліп, Новороссийск маңында танкерлерге тиеледі. Соңғы күндері консорциум терминалы маңындағы танкерлерге бірнеше рет шабуыл жасалды.
Осыған байланысты Қазақстан наразылығын білдірді. Бұған Қазақстанның Украинадағы елшісі жауап берді. Виктор Майконың пікірінше, мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға Киевтің қатысы жоқ. Бұл арандатушылық болуы мүмкін.