Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды тиеуді және қабылдауды тоқтатты

405

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды тиеуді және қабылдауды тоқтатты Фото: inbusiness.kz

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалындағы қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты мұнайды қайта тиеу мен қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды сайты inbusiness.kz консорциумның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"КҚК теңіз терминалының жұмыс аймағындағы қолайсыз ауа райы жағдайлары Каспий құбыр консорциумын ауа-райы жағдайы қалыпқа келгенше және дауылды ескертулер жойылғанға дейін мұнайды ауыстырып тиеуді тоқтата тұруға мәжбүр. Сондай-ақ шикізаттың артық жинақталуына байланысты жүк жөнелтушілерден мұнайды қабылдау тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Мұнай құбырының жұмысын және мұнайды жөнелтуді қалпына келтіру туралы қосымша хабарланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу