"Каспий құбыр консорциумына келетін болсақ, қалқымалы цистерналарды ауыстыруы тиіс мердігерлермен мәселелер шешілді. Құрылғылар бар. Шешім қабылданды, біз оның келуін күтеміз. Бірінші қашықтан байлау құрылғысын ауыстыру шамамен 10 қазанда, екіншісі – 15 қазанға дейін күтілуде, яғни үш құрылғы түгелдей дерлік іске қосылуы тиіс", – деді Болат Ақшолақов.
Министр КҚК қазақстандық мұнайды тасымалдаудың ең тиімді жолы екенін атап өтті. Оның айтуынша, басқа жолдар қаржылай тиімсіз, бірақ бәрібір мұнайды экспорттауға көмектеседі.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың көктемінде КҚК-дағы үш құрылғының зақымданғаны анықтады. Кейіннен басқа құрылғыдан ақау шығып, жұмысы тоқтатылды. Мамыр айында теңіз терминалындағы үш қашықтан байлау құрылғысы да қалыпты жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.
Жазда консорциумда осыған ұқсас жағдай қайталанды. Қазіргі уақытта КҚК үш құрылғының біреуімен ғана мұнай тасымалдауда.
Еске сала кетсек, Қазақстанның жалпы экспорттық мұнайының үштен екісі осы бағыт бойынша сыртқа шығарылады.