Каспий құбыр консорциумы: ҚМГ тасымалдау бағыттарын өзгертуге дайын

679

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ны IPO-ға шығаруқа қатысты алғашқы ашық кездесу өтті. Жиын барысында Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспорты туралы айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Каспий құбыр консорциумы: ҚМГ тасымалдау бағыттарын өзгертуге дайын

ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаевтың айтуынша, компания келеңсіздіктерді алдын алу үшін қажетті шаралар қабылдап, тасымалдау бағыттарын өзгертуге дайын. 

"ҚазМұнайГаз" үшін қазір Атырау-Самара сияқты баламалы бағыт, Алашаңқай мен Ақтауға қатынайтын маршруттар қолжетімді", – деді спикер.

Еске сала кетсек, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ ірі ұлттық мұнай-газ компаниясы болып табылады. Оның шоғырландырылған активтері 2021 жылы 31,6 млрд долларды құрады. Мұнай мен газ конденсатын өндіру 21,7 млн тонна деңгейінде болды. Бұл Қазақстандағы жалпы өндірістің шамамен 25%-ын құрайды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу