Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалын рекордтық деңгейге жеткізді

255

Мамырда құбыр арқылы 7,187 миллион тонна мұнай (тәулігіне 1,83 миллион баррель) экспортталған.  

Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалын рекордтық деңгейге жеткізді Фото: t.me/caspian_pipeline

КҚК биыл мамыр айында мұнай тасымалдау көлемін рекордтық деңгейге дейін арттырған. Салыстырмалы түрде сәуір айында бұл көрсеткіш 6,314 миллион тонна (тәулігіне 1,67 миллион баррель) болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Рейтерс" агенттігінің мәліметінше, консорциум 2026 жылғы маусым айына арналған CPC Blend мұнайының экспорт жоспарын бұрынғы тәулігіне 1,45 миллион баррельден 1,7 миллион баррельге дейін (айына шамамен 6,5 миллион тонна) ұлғайтты. Бұл шешім Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының 2027 жылға ауыстырылуына және Теңіздегі өндірістің қалпына келуіне байланысты қабылданған.

Сонымен қатар Қазақстан 1 мамырдан бастап Германияға мұнай экспортын тоқтатып, босап қалған көлемдерді КҚК жүйесіне бағыттады.

КҚК 2026 жылы мұнай тиеу көлемін 72 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. 2025 жылы бұл көрсеткіш 70,5 миллион тонна болған.

Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80%-дан астамы КҚК арқылы тасымалданады. Оның негізгі бөлігі Каспий маңындағы ірі кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан өндіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу