Каспий құбыр консорциумы нысандарының жанында жер сілкінісі орын алды

Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі хабарлады. 

Каспий құбыр консорциумы нысандарының жанында жер сілкінісі орын алды  Фото: inbusiness.kz

Каспий құбыр консорциумы нысандарының жанында жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы, Ресей Федерациясы Краснодар өлкесінің аумағында Каспий құбыр консорциумының бес нысаны орналасқан: "Кропоткинская" ЖЗҚ, НПС-7, НПС-8 мұнай айдау станциялары, Резервуарлар паркі және Теңіз терминалы. НПС-7 мұнай айдау станциясы Краснодар қаласынан 30 км қашықтықта орналасқан.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Краснодар өлкесі бойынша 2024 жылғы 24 қаңтардағы есебіне сәйкес, Мәскеу облысындағы Краснодар қаласы Краснодар өлкесінің Горячий Ключ және Северский аудандары сейсмикалық оқиға салдарынан жер асты дүмпулерін сезінді.

Обнинск қаласының сейсмикалық станциясы (Краснодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км жерде, Ильский кентінен солтүстік-батысқа қарай 11 км жерде орналасқан) 24 қаңтар күні сағат 14:19-да Краснодар өлкесінің аумағында 10 км тереңдікте Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы 4,4, ал қарқындылығы 4 балл болатын сейсмикалық оқиғаны тіркеді.

"Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша мұнай құбырының желілік бөлігінде және мұнай тасымалдау нысандарында зақым анықталған жоқ, зардап шеккендер жоқ. Нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр, халыққа немесе қоршаған ортаға қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Хабарланғандай, 2023 жылы Каспий құбыр консорциумы 63 миллион тоннадан астам мұнай тасымалдаған.

Сонымен қатар, құбыр консорциум 2024 жылы 70 миллион тоннадан астам мұнай айдауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу