Каспий құбыр консорциумы Теңіз мұнайын тасымалдауды қайта бастады

419

3 шілде күні Маңғыстау және Атырау облыстарындағы абоненттер жарықсыз қалды.

Каспий құбыр консорциумы Теңіз мұнайын тасымалдауды қайта бастады Фото: Ашық дереккөзден

Теңіз кен орнын Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск портымен байланыстыратын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) құбырымен мұнай қайта тасымалдана бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау мен Атырау облысының электр желісіндегі ақаудан кейін КҚК-ның мұнай айдау станциялары апатты түрде ажыратылған. Қазір КҚК-ның энергиямен жабдықтау жүйесіндегі кернеу тұрақтанған.

"Теңіз және Атырау мұнай айдау станциялары қайта іске қосылды. Консорциум Атырау облысындағы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды қайта бастады. Мұнай құбырына шикізат негізінен Батыс Қазақстандағы кен орындарынан қабылданады. Құбырдағы мұнай Қара теңіздегі Новороссийск портына таяу орналасқан Оңтүстік Озереевка ауылындағы терминалына дейін жеткізіледі. Кейін әлемдік нарыққа жөнелту үшін танкерлерге тиеледі", - деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 3 шілде күні Маңғыстау атом энергетика комбинатында №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтатылып, салдарынан Маңғыстау және Атырау облыстарындағы абоненттер жарықсыз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу