Каспий құбыр консорциумы Украинаны сотқа беретін болды

1435

Мұндай мәлімдемені консорциумның бас директоры айтты.  

Каспий құбыр консорциумы Украинаны сотқа беретін болды Фото: РИА Новости

Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) Украина дрондарының "Кропоткинская" мұнай айдау станциясына шабуылдауына байланысты сотқа жүгінеді, деп жазады inbusiness.kz сайты РБК-ға сілтеме жасап.

Украина әскери күштері КҚК мұнай айдау станциясын 2025 жылғы ақпанда шабуылдаған. Соның салдарынан нысан жұмыс істемей тұрып қалды. Қазақстан Киевтен осы мәселеге қатысты түсінік талап еткен. Себебі Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-ы Батысқа осы құбыр арқылы айдалады.

Консорциумның сотқа жүгінетіні Петербург халықаралық экономикалық форумда мәлім болды. КҚК бас директоры Николай Горбань украин дрондарының станцияға шабуылынан 2,7 млрд рубль шығын келгенін айтты.

"Біздің халықаралық заң мәртебеміз жоқ, сол себепті халықаралық сотқа тікелей жүгіне алмаймыз. Бірақ сотқа өтініш беруге жол ашатын жолдарына жүгіндік", – деді Горбань экономикалық форумда. 

Оның айтуынша, Қазақстан СІМ Украинаға жолдаған сауалына әлі жауап алмаған.

Айта кетейік, 2025 жылғы 17 ақпанда КҚК мұнай тасымалдау жүйесінің бір нысаны – "Кропоткинская" мұнай айдау станциясы жеті бірдей әскери дрон шабуылына ұшырады. Артынша консорциум Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесімен мұнай тасымалдау шектелгенін, станция істен шықты. Былтыр "Кропоткинская" станциясы арқылы 63 млн тоннадан аса мұнай айдалды. Оның шамамен 90%-ы Қазақстан аумағында өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу