"15-25 маусым аралығында 1-ші және 2-ші жылжымалы айлақ құрылғысы жоспарлы тоқтауға байланысты пайдаланылмайды. Үшінші жылжымалы айлақ құрылғысы штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл жүк жөнелтушілердің өтінімдерін орындауға мүмкіндік береді", – делінген компанияның ресми хабарламасында.
Бұл жұмыстар жоспарлы-алдын ала жөндеу бағдарламасында көзделген. Тиісінше, мүдделі тараптардың бәрі айлақ құрылғыларын пайдалануды тоқтату туралы алдын ала хабар алған.
Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі жақын арада тексеріс жүргізіп, қажет болған жағдайда 1-ші және 2-ші жылжымалы айлақ құрылғысының су астындағы акваториясындағы ықтимал қауіпті заттардың көзін жояды. Бұл жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Осы орайда су асты манифольдтарын ауыстыру, кессон зәкірлерін орнату, тізбектерді монтаждау және төсеу секілді жұмыстар тындырылмақ.
"Каспий құбыр консорциумы" қазақстандық мұнай үшін негізгі экспорттық бағыт саналады. Оған құбыр арқылы айдалатын көлемнің 80%-дан астамы тиесілі. Құбыр желісінің қуаттылығы – жылына 67 млн тонна мұнай.
Ғалия Әділ