Ресейлік мамандар Каспий құбыр консорциумындағы апатты ауа райына сілтеп отыр

985

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қара теңізде Қазақстан мұнайы экспортталатын нысанда болған апат туралы журналистерге пікір айтты. 

Ресейлік мамандар Каспий құбыр консорциумындағы апатты ауа райына сілтеп отыр

"Қазір КТК 60% қуатта жұмыс істеп тұр, елеулі шығын жоқ. Бірақ егер жөндеу мамыр айынан кейін жалғасатын болса, онда шығындар айына 1 миллион тонна болуы мүмкін", – деді Ақшолақов үкімет кулуарында.

"Әзірге ресейлік әріптестеріміз ауа райының қолайсыздығынан жөндеу бригадалары су астына түсе алмай жатқанын айтады. Біз 15 сәуірге дейін күтеміз. Содан кейін өз әріптестерімізді жібереміз немесе жағдайды анықтауға өзіміз барамыз. Әзірге 15 сәуірге дейін күтеміз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу