Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 20 шілдеде басталған N1 қондырғысының жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz консорциумның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мұнай экспорттау жүйесіне арналған құрал-жабдықтар іске қосылды және қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Екі компенсатор мен бір теңіз шлангі ауыстырылып, бес шланг жөнделді", – деп хабарлады консорциум.
Еске сала кетсек, Каспий құбыр консорциумы Қазақстанның Теңіз және басқа мұнай кеніштерінен Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск қаласына дейін шикі мұнай тасымалдау үшін мұнай құбырын салу мақсатымен 1992 жылы Ресей, Қазақстан және Оман мемлекеттерінің компаниялары құрған. Аталған құбыр арқылы елде өндірілген "қара алтынның" 80%-ы тасымалданады.