"КТК үлкен проблема жоқ. Барлығы (ауыстыратын материалдар мен жабдықтар - авт.) толығымен бар. Мәселе мынада, ол үшін арнайы кемені жұмылдыру керек. Жабдықты алмастыра алатын кемені жұмылдыруға 20 күннен астам уақыт керек. Ауыстырудың өзі бір аптаға созылады. Бұл проблема емес, қазан айында толық көлемде дайын болады", – деді Ақшолақов "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.
Бұған дейін Энергетика министрлігі КҚК-ның зақымдалған екі айлақтық құрылғысын (ДПО) қалпына келтіруге мердігер іздестіріп жатқаны белгілі болған.
Сондай-ақ министрлік консорциум ДПО-1 және ДПО-2 жүк жүйелерін жуу үшін екі танкерге тапсырыс бергенін хабарлады.
Ресей аумағы арқылы өтетін КҚК мұнай құбыры – қазақстандық мұнай үшін 20 жылдан астам уақыт бойы іркіліссіз жұмыс істеген негізгі экспорттық бағыт (оған құбыр арқылы айдалатын көлемнің 80%-дан астамы тиесілі). Кейінгі бір-екі жыл ішінде жүйе әр түрлі сыртқы факторларға байланысты, оның ішінде 2021 жылғы тамызда мұнайдың төгілуі, 2022 жылғы наурыздағы дауыл салдарынан ДПО зақымдалуы, теңіз терминалының акваториясын жарылыс қаупі бар объектілердің болуына зерттеп-қарауға байланысты айдауды шектеу секілді бірнеше проблемаларымен бетпе-бет келіп жатыр.