Шабуыл салдарынан жарылыс та болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– MATILDA кемесін "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) жалға алған. Каспий Құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған.
13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды болып тұр, бірінші тексеру кезінде кеме құрылымының айтарлықтай зақымдану белгілері анықталмады.
Қазіргі уақытта залал көлемін бағалау жүріп жатыр.