Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау тоқтап тұр

781

Соңғы кезде Каспий құбыр консорциумы жұмысында апаттар немесе тоқтап қалу жағдайлары жиілеген.

Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау тоқтап тұр Фото: Ult.kz

Каспий құбыр консорциумы Қара теңіз терминалынан мұнай жөнелтуді тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (күшті дауыл, үлкен толқынға) байланысты Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалымен мұнай жөнелту тоқтатылды. Қазіргі уақытқа дейін Новороссйск портының капитанынан дауылға байланысты шектеу алынған жоқ. Болжам қолайсыз", - делінген консорциум таратқан ақпаратта.

Алдын ала мәліметке қарағанда, Каспий құбыр консорциумының теңіз портындағы шамамен 1 млн тонна мұнайды құрайтын резервуар паркі толуға жақын. Сондықтан жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау мұнай құбыры паркінің бос бөлігін толтыруға және терминалдың резервтік паркіне бағыттау арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ, Консорциум мұнай тасымалдауды тоқтата тұруға мәжбүрлейтін жағдайлар болса қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу