Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тиеу жұмыстары қалыпқа келді

539

Каспий құбыр консурциумының Теңіз терминалында мұнай тиеу 4 күн дегенде қалыпқа келді.  

Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тиеу жұмыстары қалыпқа келді Фото: azh.kz

Ауа райы тұрақталды, енді шикізат өнеркәсіп пен экологиялық талаптарға сай жағалау сызығынан 5 шақырым қашықтықтағы теңіз айлақ қондырғылары арқылы жөнелтіледі.

Еске салсақ, 19 ақпанда қатты дауыл мен толқын салдарынан  Новороссийск портына шектеу енгізілген болатын. Ал, консорциумның Теңіз портындағы 1 млн тонна мұнай сақталған резервуар толуға жақындап, шикізат терминалдың резервтік бөлігіне жиналған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу