Каспий құбыр желісі консорциумы Қашаған мен Теңіз кен орындарынан шығатын барлық мұнайды қабылдауға әзір.
Ұлттық компанияның бас директоры Николай Горбаньның айтуынша, биыл жалпы 55 млн тонна шикізат тасымалданыпты. Оның 6 млн-ға жуығы Қашағаннан алынып, экспортқа жіберілген өнім болса, 7,8 млн тонна Қарашығанақтың, 21 млн тонна Теңіздің үлесі.
Экспортты арттыру үшін қазір консорциум құбыр желісін ұзарту жобасын да қолға алып отыр. Әзірге Ресей бөлігіндегі шығын есептеліп біте қоймаған. Дегенмен, Николай Горбань компанияның жобадан 150 млн долларға дейін қаржы үнемдегенін айтады.
Бұған дейін ОПЕК келісіміне сәйкес, бірқатар шектеулердің сақталып келген. Енді 2018 жылдан бастап, талапты орындауға консорциум міндетті емес.