Каспий құбыр желісі консорциумы былтыр рекордтық 44,3 млн тонна шикізат қабылдаған

1316

Каспий құбыр желісі консорциумы былтыр рекордтық 44,3 млн тонна шикізат қабылдаған

2017 жылғы 31 қаңтарда КҚК бас директоры Николай Горбань Консорциумның Мәскеудегі кеңсесінде компанияның 2016 жылғы қызметінің өндірістік нәтижелері мен биылғы жыл жоспарларына арналған баспасөз жиынын өткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бас директордың келтірген дерегі бойынша, КҚК 2016 жылы мұнай тасымалдау жүйесіне 44, 3 млн тонна көмірсутек шикізаты қабылданды – бұл КҚК қызметінің бүкіл тарихындағы жылдық айдау бойынша абсолюттік рекорд.    

Жалпы есеп бойынша 2016 жылы КҚК Теңіз терминалында 435 танкерге мұнай тиелді –  2015 жылмен салыстырғанда, 26 танкер қосылды.

КҚК иеленген пайда 1,6 млрд доллар құрады, бұл  2015 жылмен салыстырғанда (1,5 млрд долл.) 7 % жоғары. Жалпы пайда 18 % ұлғайды.

2016 жылы Теңіз-Новороссийск мұнай тасымалдау жүйесін кеңейту жобасы аясында  КҚК Теңіз терминалының Резервуарлар паркін қайта құру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде оның сыйымдылығы 1 млн тоннаға жеткізілді. Қолданысқа А-МАС-4 енгізілді, А-МАС-4A станциясына мұнай толтыру және кешенді сынақтар өткізілді. А-МАС-5A мен МАС-8 мұнай толтыруға дайын. МАС-5 жұмыс ортасына беру алдындағы қосу-баптау жұмыстарының соңғы сатысына жеткізілді.

Сонымен қатар, КҚК Теңіз терминалында түбегейлі қайта құрудан соң Бас басқару орталығы (ББО) пайдалануға енгізілді, оның құрамында жаңа SCADA іске қосылды – бұл басқару және деректер жинау жүйесі онлайн режимде Теңізден Новороссийскіге дейінгі мұнай тасымалдаудың барлық сатыларын бақылауда ұстайды.

2016 жылы Консорциум ірі қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру жұмыстарын жалғастырды. Ресей аумағында мерзімді түрдегі бағдарлама аясындағы қайырымдылық жобаларына бағытталған қаржы көлемі 337 млн рубль құрады. Қазақстанда қайырымдылыққа 610 млн теңге жұмсалды. Кеңейту жобасы қаржысының есебінен әлеуметтік объектілер құрылысын жүргізу бағдарламасына Консорциум  2016 жылы Ресейде 97 млн рубль және Қазақстан Республикасында 400 млн теңге арнады.

2017 жылға белгіленген жоспарлар туралы сөзінде Бас директор келесіні айтты: жүк жөнелтушілерден келіп түскен өтінімдер бойынша 2017 жылы Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры арқылы 65,7 млн тонна мұнай айдалады. Оның ішінде қазақстандық ресурстардың үлесі 54,7 млн тонна, ресейлік ресурстар – 11,0 млн тонна құрайды деп жоспарлануда.

Қабылданған өтінімдерге сай, Қашаған кен орнынан 2017 жылы КҚК мұнай тасымалдау жүйесі арқылы 10,4 млн тонна мұнай айдалады,  Филановский және Корчагин атындағы кен орындарынан 5,4 млн тонна мұнай күтіледі.

КҚК негізгі қызметі бойынша 2017 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 70 млн жуық доллар құрайды. Оның құрамына объектілерді өрттен және терроризмнен қорғау жүйелерін күшейту, жабдықтарды жаңғырту және жоспарлы түрде ауыстыру шаралары енгізілген. 2017 жылы Консорциум Кеңейту жобасын толық аяқтауды жоспарлап отыр. Оның іске асырылуына 2017 жылы 150 млн доллар бөлінеді. Астрахань облысындағы  А-МАС-4А, А-МАС-5А 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылады деп жоспарлануда. Одан соң Краснодар өлкесіндегі МАС-8, Ставропольедегі МАС-5 беріледі. РФ аумағында Кеңейту жобасы аясында соңғы болып Қалмақ еліндегі МАС-2 тапсырылады.

Қазақстанда 2017 жылдың екінші жартыжылдығында А-МАС-3А пайдалануға енгізілмек. Кеңейту жобасының барлық нысандары қолданысқа енгізілгеннен соң құбыр жүйесінің өткізгіштік мүмкіндігі жылына 67 млн тонна мұнай айдау қуаттығына жеткізіледі.

2017 жылы КҚК "Жанды трасса" атты экологиялық жобаға кіріседі. Қазіргі уақытта Компания объектілері орналасқан аймақтарда эколог мамандармен алдағы іс-шаралар туралы пікір алмасу, кеңесу жүргізілуде. 

Анықтама: КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы энергетика саласында шетелдік капитал қатысуымен іске асырылатын аса ірі инвестициялық жобалардың бірі. Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен жалғастырып жатқан құбырдың ұзындығы  1 511 км құрайды.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (атынан Транснефть – 24% және КТК Компани – 7 %) – 31%; Қазақстан Республикасы (атынан  ҚазМұнайГаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу