"Каспий құбыры консорциумынан басқа бағыттармен толық көлемде мұнай жөнелту қиын"

969

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында Каспий құбыр консорциумына балама бағыттар бар екенін айтты. 

"Каспий құбыры консорциумынан басқа бағыттармен толық көлемде мұнай жөнелту қиын"

"Былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 53-54 млн тонна мұнай жөнелтілген. Мұншама көлемді қайта бағыттау өте қиын, бірақ бізде балама нұсқалар бар. Айтпақшы, барлық көлемді қайта бағыттауға болмайды. Оны толығымен қайта бөлу үшін уақыт қажет", – деп атап өтті министр.

Оның айтуына қарағанда, ішінара Ақтау портынан Самара арқылы өтетін мұнай құбыры бар және шағын көлемді жөнелтуге болатын Қытай бағыты бар. 

"Басқа да көлемді бағыттарды қарастыруға болады, дегенмен олар шынымен де біраз уақыт алады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу