Каспий құбырына шабуыл: Қазақстан 3,8 млн тонна мұнайды экспорттай алмады

194

Бұл мұнай болашақ бағамен сатылатын болады.

Каспий құбырына шабуыл: Қазақстан 3,8 млн тонна мұнайды экспорттай алмады Фото: kursiv.media

Қазақстан Каспий мұнай құбырындағы шабуылдар салдарынан 3,8 млн тонна мұнайды экспортқа шығара алмады. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжілісте өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер Каспий мұнай құбырына жасалған шабуыл Қазақстандағы мұнай өңдірісіне қалай әсер еткенін сұрады. 

"Каспий құбыр консорциумы бойынша шамамен 3,8 млн тонна мұнай экспортталмады. Ал өндіріске келсек, біз мұнай өндірісі бойынша жоспарды асыра орындадық. Біз нәтижесін шығарып жатырмыз", – деді Ерлан Ақкенженов.

Оның сөзінше, бұл мұнай тасымалданбады әрі сатылған жоқ.

"Ол болашақ бағамен сатылатын болады. Оны сатып, келісімдер бойынша барлық мәліметті алғаннан кейін ақшалай мәнде қанша жоғалтқанымызды айта аламын", – деп атап өтті Энергетика министрі.

Айта кету керек, бұған дейін Ерлан Ақкенженов Қазақстан мұнайын тасымалдауда ең перспективалық бағытты атағанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу