"Балдырлар суға қою қоңыр, қызыл түс береді. Бұл жерде қар жауып, құбылыс айқынырақ көрініп тұр. Балдырлар таяз суда, әсіресе біздің жағалауда өседі. Сондықтан балдырлар шоғырланған жерде су қызыл түсті болады. Әрине, бұл табиғат құбылысы туралы білгенімізбен, судың сынамасын алып тексеруге міндеттіміз. Талдау нәтижесі қалыпты", – дейді Маңғыстау облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы Қайсар Нәдірбек.
Бұған дейін аймақтағы экологтар диатомды балдырлар суға қызыл реңк беретінін хабарлаған. Олар балық үшін зиянсыз және қауіпсіз. Бұл табиғи процесс.