Каспий маңынан архозавр қалдығы табылды

1028

Ол триас кезеңіне тиесілі болуы мүмкін. 

Каспий маңынан архозавр қалдығы табылды

Қазақстандық геологтар Каспий маңы ойпатындағы керннен архозавр қалдықтарын тапты. Ол бұдан 200 миллион жыл бұрын өмір сүрген болуы мүмкін, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Бұл зерттеуді "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС Каспий маңы бассейнінің триас және жоғарғы-пермь шөгінді жиналу түзілімдерін зерделеу жұмысының аясында жүргізіп жатқан болатын. Жоба барысында триас кезеңінің (250 млн - 205 млн жыл бұрын) бауырымен жорғалаушылар класына жататын қолтырауындардың ата тегі болып табылатын, күрделі торлы құрылымы бар ашық сұр түсті жас архозаврдың жақ сүйегі табылды.

"Каспий маңы ойпаты үшін бұл ерекше жағдай, өйткені, Шығыс Еуропа платформасында триас архозаврларының табылуы сирек кездеседі. Қазіргі уақытта компьютерлік томография әдісімен "үлгі" сканерленді. Дәлірек сипаттама алу үшін сүйектер негізгі жыныстардан арнайы құралдар мен инструменттер көмегімен тазартылады, содан кейін "үлгі" әрі қарай толыққанды зерттеу үшін профильдік институтқа жіберіледі", - дейді компанияның кернді талдау қызметінің басшысы Никита Пронин.

Еліміздің геолог ғалымдары осындай геология саласындағы қызықты олжалар микрофауна мен жалпы палеонтологияны зерттеуге түрткі болады деп үміттенеді. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу