Каспий маңындағы қамыс өртін сөндіруге 60 тоннаға жуық су төгілді

749

Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Каспий маңындағы қамыс өртін сөндіруге 60 тоннаға жуық су төгілді Фото: Бейнежазбадан

Өрттің аумағы 450 гектарға жеткен.

Жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін МИ-8 тікұшағының СТҚ-5 қондырғысымен қамыс өртіне 60 тоннаға жуық су төгілді.

Соның нәтижесінде жалын шарпыған аумақ 40 гектарға азайғаны анықталды.

Қазір қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 38 өрт сөндіруші, 12 техника тартылған. Ал, "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватынан 28 қызметкер 9 техникамен көмекке келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу