Каспий маңындағы табиғи қорық өртке оранды. Онда Қызыл кітапқа енген жан-жануарлар мен құстар бар.
Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының хабарлауынша, қызыл жалын Атырау облысы аумағындағы "Ақжайық" табиғи резерватында шыққан. Ол жерде қамыс өртеніп, 23 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің және Солтүстік Каспий базасының 62 қызметкері тартылған. Абырой болғанда зарап шеккендер жоқ. Аң-құстар да аман.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу