Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство басшысы елімізде өндірілетін мұнайдың 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданатынын еске салды. Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, консорциум халықаралық заңнамаға сәйкес құрылған, оның акционерлерінің басым бөлігі – Еуропа, АҚШ және Қазақстан компаниялары. Ал КҚК аз ғана үлесі ресейлік компанияға тиесілі.
"Қазіргі уақытта есептеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның одан әрі қалай өрбитініне байланысты түсініктемені Сыртқы істер министрлігі береді деп ойлаймын. Ал Энергетика министрлігі тарапынан саяси мәлімдемелер жасалмайды, себебі біз энергетика саласындағы саясатты жүзеге асырамыз", – деді Энергетика министрі.