"Каспий нефть" қызметкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынады

334

Кәсіпорынның ең бағалы өнімі ол білікті кадр.

"Каспий нефть" қызметкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынады Фото: АО "Каспий нефть"

"Каспий Нефть" компаниясы өз қызметкерлерінің дамуына жыл сайын мол инвестиция салып келеді. Соның бір дәлелі "Caspiy Neft Bilim" оқу платформасы, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Онлайн қосымша арқылы мұнайшылар кен орнында жұмыс істеу үшін қажетті біліммен қатар жаңа дағдыларды да игере алады. Саланың соңғы жетістіктерін АҚШ пен Англияның үздік мамандарынан да үйренуге мүмкіндік бар.

Кәсіпорынның ең бағалы өнімі ол білікті кадр. Оны мекеме басшылығы да жақсы түсінеді. Сондықтан компания әр маманның өзіне ыңғайлы уақытта жаңа білім алып немесе біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін "Caspiy Neft Bilim" онлайн оқыту платформасын іске қосқан. Одан бөлек қызметкерлерге түрлі курстарды өз бетінше оқып-үйренуіне де мол мүмкіндік бар. Компания барлық шығынын өтеп береді. Бұл кәсіпорын енгізген мотивациялық жүйенің бір бағыты.

"Бізде бонустармен мотивация берудің өте қызықты жүйесі бар. Мысалы қызметкер қандай да бір курсты оқып, алған білімін әріптестерімен бөлісуіне мүмкіндік бар. Сол арқылы ол бонус ала алады. Яғни, бұл біздің компанияда даму мәдениеті мен үнемі өзін-өзі жетілдіруге түрткі болады", - деді  "Каспий нефть" АҚ HR Басқарушы директоры Ботагөз Ермекова.

Бұл тәсіл өз жемісін беріп те үлгерген. Қызметкерлердің кәсіби тұрғыда дамуы жұмыс процесінің жақсаруына ықпал етері анық. "Caspiy Neft Bilim" бағдарламасы аясында мұнай-газ саласында кәсіби ағылшын тілін және менеджмент курстарын оқыған компания қызметкерлерінің бірі Армат Хайырғалиев.

"Caspiy Neft Bilim" корпоративтік университетінде мұнай-газ саласының кәсіби ағылшын тілі курстарын оқыдым. Бұл маған үлкен мүмкіндік берді. Қарапайым заттарға жаңаша көзқараспен қарай бастадым. Оларды күнделікті өмірде қолданып, мұнай саласындағы кәсіби ағылшын тілін үйрендім. Менеджмент курстарын да оқыдым. Біз адамдармен тығыз жұмыс істейміз. Сондықтан бізге әрқашан қарым-қатынасты жалғап, мәселелерді шешіп, бітімге шақыруымыз қажет. Яғни осындай маңызды дағдыларды "Caspiy Neft Bilim" - нен үйренуге болады", - дейді ауысым диспетчері Армат Хайырғалиев.

"Каспий нефть" компаниясы өз қызметкерлерінің кәсіби өсуі мен өзін-өзі жетілдіруіне үлкен көңіл бөледі. Сондай-ақ инновацияларға, техникалық жарақтандыруға басымдық береді. Бұл қара алтынды заманауи тәсілмен өндіру мен өңдеуге, қызметті табысты жүргізуге жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу